{metadescription}
0:000:00
Алматы вокзалына кіріп-шығу қиындап кетті

Алматы вокзалына кіріп-шығу қиындап кетті

«Қазақстан темір жолы» бүгіннен бастап қауіпсіздік шараларын күшейтті. Алғашқы болып Алматы вокзалындағы жолаушылар қатаң тексеріліп жатыр.

Әсіресе, жұрттың жүгі ерекше қадағалауға алынған. Ол үшін вокзалға арнайы рентгенді аппараттар қойылыпты. Енді, қызметкерлердің күдігін тудырған адамдар да жіті тінтілмек. Ал, егер террористік қауіптің сары немесе қызыл деңгейі енгізілсе, вокзалға кіріп-шыққандардың бәрі бастан-аяқ тінтілетін болады. Әзірге жүк тексеретін жаңа құрылғы сынақ ретінде жұмыс істеуде. Осындай сақтық шаралары сәуірде Астанада, ал маусымнан бастап қалған ірі қалаларда енгізілмек.

Құндыз Құнахын, вокзалдың қауіпсіздік қызметкері:

-Біріншіден келіп жатқан жолаушылардың қол сөмкелерін, одан кейін жүгін тексереміз. Оны  монитор арқылы көре аламыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.