Сынақ тапсырып жатқан «Б» корпусының шенеуніктеріне заңнан сұрақ қойылмайды
Алдағы екі айда еліміздегі шенеуніктердің тағдыры шешіледі. Бүгін бүкіл республика бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында аттестация басталды. Бұл жолы «Б» корпусына кіретін 70 мыңға жуық шенеунік сынақтан өтеді.
Автор: Жәудір Оразхан
01.02.2017
Жалпы, аттестация үш кезеңнен тұрады екен. Емтиханды бірінші болып Астанадағы Президент әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі мен министрліктердегі лауазымды қызметкерлер бастайды. Кейін облыстардағы департамент, басқарма басшылары, ал ең соңында аудан әкімдері емтихан тапсырады. Бүгін басталған сынақ наурыз айында аяқталмақ. Шенеуніктер өздеріне жүктелген міндетті талапқа сай игеріп жүргенін және кәсіби шеберлігін дәлелдеуі тиіс. Яғни әрбір басшының шұғыл шешім қабылдауы, қиындыққа шыдамдылығы және халықпен қарым-қатынасына да ерекше мән беріледі. Тесттің қорытындысына қарай қызметкердің лауазымы жоғарылауы мүмкін, ал төмен баға алып қалса, жағдайы қиындайды .Айта кету керек, бұл жолы заңға байланысты сұрақтар қойылмаған.
Айгүл Шайымова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:
-Сұрақтардың дұрыс немесе бұрыс жауабы жоқ. Мемлекеттік қызметкердің ұстанымына, таңдаған нұсқасына қарап біз оның деңгейін анықтаймыз. Егер деңгейі өте төмен болса, оның кемшілігін түзеуге уақыт беріледі. Бірден жұмыстан қуылмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары