{metadescription}
0:000:00
Жоғарғы сот әділетсіз үкім шығарған судьяларды жұмыстан қумақ

Жоғарғы сот әділетсіз үкім шығарған судьяларды жұмыстан қумақ

Сыннан сүрінген судьяға кешірім болмайды. Бұдан былай заңды бұрмалап, әділетсіз үкім шығарған судьялар бірден жұмыстан қуылады.  Яғни, енді қазылардың жіберген қатесін түзеуге де мүмкіндігі жоқ.  

Жоғары сот «Конституциялық заңдарға» осындай өзгеріс енгізіпті. Қатаң талапты Мәжіліс депутаттары да қолдап, құжатты бүгін мақұлдады. Ал судьялардың біліктілігін арнайы құрылған қазылар алқасы тексермек. Оның құрамына Жоғары, облыстық соттың судьялары кіреді. Комиссия, сынақ кезінде әріптестері қарап шыққан істің саны мен сапасын, тіпті, оның процес кезіндегі сөйлеу этикасы, тәртібіне дейін жіті қарайды. Егер судья сол сынақтан өте алмаса, бірден қызметтен кетеді. Бұрын кемшіліктерін түзеуге екінші рет мүмкіндік берілетін. Ал қазылар алқасының шешіміне қатысты енді Жоғары сот кеңесі ғана шағымдана алады. Елімізде сауатсыз судьялар санының артуы осылай қатаң шаралар қолдануға мәжбүрлеп отыр. Мәселен, былтыр 47 судья сыннан сүрінген. Бірақ ол кезде талап қатты болмағандықтан олар қазір сот жүйесінде жұмыс істеп жүр.

Ақылтай Қасымов, Жоғары сот судьясы:

-Енді кәсіби тексерістен өте алмай қалса, орнын босатуға тиісті. Ондай  судьялар сот саласында  болмауы керек. Қайды заңды бұрмалауға, адамдардың құқықтарының қайта бұзылуына жол бермеуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.