{metadescription}
0:000:00
Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап жіберген келіншек рақымшылыққа ілікті

Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап жіберген келіншек рақымшылыққа ілікті

Жамбылда нәрестесін нәжіске тұншықтырып өлтірмек болған әйел мерзімен бұрын түрмеден босайтын болды. Сәбиін әжетханаға тастап кеткені үшін 1 жарым жылға сотталған Әмина Мәжіғұлова рақымшылыққа ілініп отыр.

Оның еркіндікке шығуы жөніндегі өтінішін Өскемен қалалық соты мақұлдаған. Бірақ, келіншектің үйіне келген-келмегендігі жайында әзірге мәлімет жоқ. Бір анығы, осы қуанышты хабарымен Әмина Мәжіғұлованың анасы, «Үміт» балалар үйі қызметкерлерімен бөліскен. Былтыр қаңтарда Тұрар Рысқұлов ауданының 21 жастағы тұрғыны күре жол бойындағы дәретхананың біріне сәбиін босанып қалдырып кеткен. Аязда нәжіс арасында шырылдап жатқан шақалақты жолаушылар тауып алып, құтқарып алған еді. Осы оқиғадан соң қатыгез ана сотталып, тастанды сәби балалар үйіне орналастырылған. Биыл бір жасқа толған Жансаяның хәлі жақсы, оған әжесі жиі-жиі келіп тұрады екен. Бірақ, осы күнге дейін зейнеткерге немересін қамқорлығына алу мүмкін болмапты.      

Мәлика Дүйсеева, мамандандырылған бөбек үйінің педиаторы:

-Анасы аналық құқынан айырылған жоқ. Ол жағын енді сот шешеді. Бауырына баса ма, жоқ па сол жағын шешуі керек. Ал, әжесі баланы көруге аптасына бір-екі рет келіп тұрады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде