{metadescription}
0:000:00
 Бас прокуратураның алдында өзін өртеп өлген әйелдің ұлы жазасын толық өтейтін болды

Бас прокуратураның алдында өзін өртеп өлген әйелдің ұлы жазасын толық өтейтін болды

Бүгін Бас прокуратура алдында өзін өртеп өлген Майра Рысманованың ұлына қатысты да жаңа дерек шықты. Жамбыл облысына арнайы тексерумен барған прокурорлар Ербол Ахметовты соттаған судьяның үкімін дұрыс деп тапқан. Ал, түрмеде жазасын өтеп жатқан жігіттің туыстары болса, әділдік іздеп Бас прокуратураның  табалдырығын әлі тоздырып жүр. Айтуларынша, прокурорлар тексеруді тыңғылықты жүргізбеген.

Бұл желтоқсан айында Бас прокуратура алдында өзін өртеп өлген марқұм Майра Рысманованың сіңлісі Дания Рысманова. Ұлының жазықсыз сотталғанын дәлелдеймін деп ажал құшқан әпкесі үшін енді шындықты осы кісі іздеп жүр. Қайғылы жағдайдан соң Бас прокуратура үкімге қарсылық білдіріп, Жамбыл облысына арнайы комиссия жіберген екен. Бірақ оның қортындысына Рысмановтардың көңілі толмай отыр. 

Дания Рысманова, марқұм М.Рысманованың сіңлісі:

- «Подстава» жасағанын таптыңыздап ма сұрадым. Ол кісі сіздің балаларыңыз  кінәлі дейді. Сіз ешқайда жүгірмеңіз, ешкімнің айтағында ермеңіз деп ақыл айтты.  Егер прокурорлардың өздері істі жылы жауып кететін болса, бұл меніңше  жемқорлық деп ойлаймын. «Қарға қарғаның көзін шұқымайдының» керін келтіріп тұр.

Яғни, Бас прокуратура 28 жастағы Ербол Ахметовтың ісін бастан-аяқ қарап судьяның үкімін дұрыс деп тапқан. Сондықтан, ол 4 жарым жыл  жазасын толық өтеуі тиіс. Бұған дейін сотталушыны есірткімен ұстаған Шу ауданының полицейі Ерлан Жейдешов қызметін асыра пайдаланғаны үшін шартты жазаға кесілгенін де айта кетейік. Ал бір жылдан бері түрмеде отырған Ахметов полицейлердің героинді қасақана салғанына сенімді.

-Мен намаз оқитын баламын. Менде қайдағы есірткі аға? Шыққаныма 2 ай болды түрмеден. Қайтып отырамын ба, аға!  

Шудан Астанаға әділдік іздеп келгендердің алған бетінен қайтар түрі жоқ. Бас прокурордың қабылдауына кіргізуді сұрап, құзырлы органның кеңсесін торуылдап жүр.

Осылайша, бір жылдан бері түрмеде жазасын өтеп жатқан Ербол  Ахметовтың туыстары оның сүттен ақ судан таза екеніне сенімді. Сондықтан сот үкімімен келіспей істі қайта тергеуді талап етіп отыр. Алайда судьяның әрекетінен заңсыздық таппаған Бас прокуратура үкімнің сол күйі қалатынын шегелеп айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде