{metadescription}
Еліміздің жас дизайнерлері Италияның сән өнерін меңгеруге кірісті
Еліміздің жас дизайнерлері Италияның сән өнерін меңгеруге кірісті

Еліміздің жас дизайнерлері Италияның сән өнерін меңгеруге кірісті

Бүгін Астаналық студенттер мен жас сәнгерлер атақты дизайнер Джованни Оттонеломен кездесті.

Еупопаның ғана емес, әлемнің үздік сәнгері елордалық жастарға дизайн әлемінің қыр-сырын айтып, шеберлік сағатын өткізді. Екі сағатқа жуық сұрақтарға жауап берген Джованни Оттонело жетістікке қалай жеткенін де айтып берді. Білікті сәнгер болу үшін қайталанбас ерекше талғам мен еңбек керек дейді ол. Осындай жиыннан қанаттанып шыққан студенттер Елордадағы жоғарғы оқу орындарында дизайн мамандығын меңгеріп жатқандар. Оларға үлгі тұтар сәнгерімен кездесуге мүмкіндік жасаған  Тұңғыш президент қоры осы арқылы талантты дизайнерлердің кәсіби деңгейін көтермек ойда. 

Қанат Жұмабаев, Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры:

-Тек бұл ғана емес, «Экспоға» қарсы да көптеген шеберлік сағатын өткіземіз. Енді атақты суретшілер мен Нобель лауреаттарын шақыруды жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, олардың білімін өзіміздің жастарға дарытсақ деген ой  бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.