Таразда ширек ғасыр бойы ауыз суға зәру болған жұрт шу шығарды
Таразда ширек ғасыр бойы ауыз суға зәру болған Шалғай Қарасу ауданының тұрғындары наразылыққа шықты. Айғайға басқан ел тіршілік нәрін тасып ішуден зәрезап болған. Оның өзі тұтынуға мүлдем жарамсыз екен. Сондықтан жергілікті биліктен тез арада ауыз су мәселесін шешуді талап етуде.
Автор: Руслан Әбдіхалық
03.02.2017
Мұндағы жұрт 25 жылдан бері ауыз судың азабын тартып отыр. Сөздеріне сенсек, 500-ге тарта халқы бар аумаққа жалғыз құдық орнатылған. Салдарынан ұзын-сонар кезек. Тіршілік нәріне талас болас үшін әркім ауласынан баспа құдық қазып көрген. Бірақ одан шыққан су адам түгілі малға беруге жарамсыз.
Бұқара көшедегі судың да тазалығына күмәнмен қарайды. Өйткені, сол құдық суын ішетіндердің көбі айықпас дертке душар болды дейді. Осыны айтып талай рет жергілікті билікке шағымданыпты. Алайда, селт еткен шенеунік болмаған.
Айдархан Керімбеков, Тараз қаласының тұрғыны:
-Бүйрегі ауыратын адамдар көп. Әкімшіліктен адамдар жіберіп, СЭС суымызды тексерсе. Қала әкімі Календировке бір жиналыста осы мәселені көтергенбіз. Ештеңе жасалған жоқ.
Ауыл тұрғындарының жалғыз проблемасы су ғана емес. Мұнда кей көшелерге әлі күнге тас жол төселмеген. Сондықтан елдің көлікпен жүруі мұң. Уақытылы қоғамдық көлік те қатынамайды. Ал, жергілікті билік шу көтерген жұртты сабырға шақырып, қордаланған мәселелердің жуырда шешілетітін мәлімдеді.
Қадірбек Деметбаев, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:
-Ол аумақтағы жұмыстардың барлығы биыл басталып кеткен. Осы жылға қалдырылған жұмыстар 2017 жылдың жарты жылдығынан ары қарата аяқталатын болады.
Тұрғындар шендінің сөзіне тағы да сеніп тарқасты. Алайда, уәде орындалмаса енді орталық алаңда наразылық ұйымдастырмақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!