{metadescription}
Көшеде дәрет сындырған батысқазақстандық полицей жұмыстан қуылды
Көшеде дәрет сындырған батысқазақстандық полицей жұмыстан қуылды

Көшеде дәрет сындырған батысқазақстандық полицей жұмыстан қуылды

Тура балабақша жанында осындай әдепсіз әрекет жасаған тәртіп сақшысы бұнымен тоқтамаған екен. Ол күші жеткен жерге дейін барып, тура жол үстінде тәтті ұйқыға кетіпті. Жолы бөгелген жүргізуші оны оятып, осы сәтті таспаға түсіріп алған.

Кешеден бері осы екі бейнежазба әлеуметтік желілерде тез таралып үлгерді. Небәрі бір күнде 20 мыңнан астам желі қолданушысы көріп шыққан. Ал облыстық Ішкі істер департаментіндегілер жерде жатқан адамның Бөрілі аудандық жол-патрульдік полициясының сержанты екенін, тіпті оның мас болғанын растады. Бірақ олар тәртіпсіз тәртіп сақшысының аты-жөнін атаудан бас тартып отыр. Көшеде дәрет сындырып, кейін ұйықтап қалған полицеймен бірге басшылары да жазаға тартылды дейді департаменттегілер.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде