{metadescription}
Семейде қоғамдық көліктер талапқа сай емес
Семейде қоғамдық көліктер талапқа сай емес

Семейде қоғамдық көліктер талапқа сай емес

Жергілікті белсенділер осылай деп дабыл қағып отыр. Айтуларынша, автобустардың техникалық жағдайы сын көтермейді. Тіпті, жүргізушілер санитарлық талаптарды да тасада қалдырған. Сондай-ақ, олар артық пайда табу үшін жылдамдықты шамадан тыс асырып, ережені де өрескел бұзады.

Семейде қоғамдық көліктердің осындай жүгенсіз кеткен жүргізушілерінің кесірінен, жол апаты көбейе бастаған. Жергілікті қоғам белсенділері үш күннің ішінде үш бірдей жол апатына себепкер болғандарды видеоға түсіріпті. Түсіріп үлгірмегендері әлі қаншама. Пайдаға кенелуді көздеп, жылдамдықты асырып жол ережесін бұзғандардың санында шек жоқ дейді олар.

Болат Жүнісбаев, қоғам белсендісі:

-Автобустардың кесірінен болатын жол апаттары көп. Тіпті жаяу адамдар өткелінде тоқтап, жұртты өткізуге ерінеді. Жолаушыға қарамай, рөлде темекі шегеді. Техникалық жағдайы тіпті мүшкіл. Мінуге қорқасың.

Расымен, қала ішінде адам тасымалымен айналысатын үлкенді-кішілі автобустар техникалық талапқа еш сай емес. Бірінің терезесі сынған, екіншісі тіпті оны қаңылтырмен бітеп тастапты. Соғылып, сол жасалмаған алқам-салқам күйі жүргендер де аз емес. Ал кестеден кешігу олар үшін қалыпты жағдай.

Әлия, Көкібайқызы, Семей қаласының тұрғыны:

-Міне, 40 минуттан бері аялдама тұрмын. №2 автобус жоқ. Тонып қалдым. Бүгін, күн жылылау. Аяз болса не болдық?

Қалада жолаушылар тасымалымен айналысатын 6 автопарк бар. Олардан күніне 400 автобус түрлі бағытқа шығады екен. Бірақ көліктердің көбі жеке қожайындарға тиесілі. Сондықтан болар, мамандар тұрғындар тарапынан арыз-шағым толастамай тұрғанын жасырмады.

Назым Жанболатова, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Кемшіліктердің ішінде санитарлық талаптар да тасада қалдырып жататын кездері болады. Перделері мен орындық жабындыларын жумайды. Одан кейін, едендерінде, терезелерінде, техникалық жағдайларында ақаулар бар. Атап айтқанда, әртүрлі.

Жергілікті билік биыл наурыз айының аяғында жаңадан 85 автобус сатып алуды көздеп отыр. Ол шамамен 4 жарым млрд. теңге. Осылайша, несие арқылы тозығы жеткендерді жаңаламақ ниетте екен. Қазір бұл жоба талқыланып жатыр. Сондықтан шенділер тұрғындарға шыдай тұруға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде