Универсиада-2017: Жұма спортшылар үшін табысты болды
Алматыдағы қысқы универсиаданың бесінші күні де біздің спортшылар үшін табысты болды. Бүгін қоржынымызға тағы екі алтын, бір қола медаль түсті.
Автор: Диас Нұрақын
03.02.2017
Үш жүлдені де фристайлшылар жеңіп алды. Кеше ғана жекелей сында жеңіс тұғырына көтерілген Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхард бүгін жұптасып өнер көрсетуден тағы да үздік атанды. Ал Павел Колмаков универсиаданың екінші қола медалін қанжығасына байлады. Осылайша Қазақстан құрамасы әзірге 8 алтын, 2 күміс және 8 қола медальмен командалық есепте екінші орында келеді. Ал жанкүйлерлер тоғызыншы алтынды мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннен күтіп отыр. Өйткені ол бүгінгі іріктеу кезеңінде ең жоғарғы ұпай жинап, жеңіске бір табан жақындай түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!