{metadescription}
Шымкенттің тәртіп сақшылары жұрттан көмек сұрады
Шымкенттің тәртіп сақшылары жұрттан көмек сұрады

Шымкенттің тәртіп сақшылары жұрттан көмек сұрады

Қылмысты аша алмай шыдамы таусылған шымкенттік тәртіп сақшылары амалсыз әлеуметтік желі арқылы жұрттан көмек сұрауға көшті. Жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірхан Фейсбуктегі парақшасы арқылы қаңтар айында Шымкенттегі ломбардтардың біріне қарулы шабуыл жасаған адамды тапқан азаматқа жарты миллион теңге сыйақы ұсынатынын жазған.

Осыған дейін күдікті туралы тіс жармаған полицейлер енді видеосын да беріп жатыр. Медициналық бетперде киіп, қара көзілдірік таққан мына азамат қаңтардың 11-і күні ломбардқа басып кірген болатын. Алтын бұйымдарды беруді талап еткен ол қолындағы қарумен мекеме қызметкерін атып салған. Сөйтіп, ешнәрсе алмай тайып тұрған оны бір айға жуықтаса да полицейлер таба алмай жатыр. Бетін бүркеген бұл азаматты танып, полицияға хабар берсеңіз, жарты миллион теңге сыйақы дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.