{metadescription}
Ақтөбеде жиналыстан соң бір-бірін таптай жаздаған шенеуніктер жазаланбайтын болды
Ақтөбеде жиналыстан соң бір-бірін таптай жаздаған шенеуніктер жазаланбайтын болды

Ақтөбеде жиналыстан соң бір-бірін таптай жаздаған шенеуніктер жазаланбайтын болды

Ақтөбедегі мемлекеттік қызметкерлердің жүріс-тұрысын бақылайтын департамент басшысы шыдамсыз шенеуніктерге қандай шара қолданарын білмей отыр. Жақында бұл аймақтың атқамінерлері облыс әкімдігінде жиналыстан соң бір-бірін таптап кете жаздаған еді.

Активке келген ауыл әкімдері мен білдей басқарма басшылары киім ілетін жерге сыймай, кезекке таласып қалған. Баланың қылығын істегенәріптестері үшін мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы қатты ұялыпты. Қайыржан Токушов енді үлкен жиын өтерде шенеуніктер үшін әуежайдағы секілді қауіпсіздік ленталарын тартып қоюды ұсынды. Сондай-ақ жиналыста ұйықтайтындарды жөнге салуға агенттік өкілдері қауқарсыз. Мәселен, жиналыстарда үнемі қалғып отыратын Ақтөбенің әкімі Ілияс Еспановқа да ештеңе істей алмапты. Оған себеп, кейбір шенеуніктер баяндаманы көзін жұмып отырып та тыңдауы мүмкін екен.

Қайыржан Токушов, Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы: 

-Бірнеше рет мемлекеттік қызметшілер арасында талқыладық сергек жүруге. Сондықтан адамның қалғып кетуін дәлелдеу өте қиын. Қасымда отырғанда ондай түсініктеме бермейді. Қазір біз ескертумен шектеліп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.