{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев ақшаны сауатты жұмсай алмаған шенеуніктерге шүйлікті
Нұрсұлтан Назарбаев ақшаны сауатты жұмсай алмаған шенеуніктерге шүйлікті

Нұрсұлтан Назарбаев ақшаны сауатты жұмсай алмаған шенеуніктерге шүйлікті

Бүгін Үкіметті тегіс жинап кеңес өткізген президент министр мен әкімдердің басынан сипай қойған жоқ. Әсіресе, бюджеттің миллиардтарын оңды-солды таратуға әуес Қаржы министрін қатал сынға алып, соңғы ескерту жасады. Атқамінерлерді аямаған Елбасы тек Ұлттық банк төрағасына келгенде, жібіп сала берді. Ақышевті жақтап сөйлеген ол, оған ешкімнен қорықпай батылырақ қимылдауға кеңес берді. Экономикадағы кедергілер мен дамудағы олқылықтар жайлы көп айтқан Назарбаев парамен ұсталған шенеуніктердің ашкөздігін сатқындыққа теңеді.

Ақордадан Үкімет үйіне арнайы келген президент бүгін министр мен облыс әкімдерінің шаңын қақты. Әсіресе, бюджеттің миллиондарын аймақтардың тағы ұқсата алмауы Елбасының қатты шамына тиді. Өйткені былтыр 36 миллиард теңге сол күйі игерілмеген. Ал бұған жауапты Бақыт Сұлтанов тым жомарт. Үнемді білмейтін Қаржы министрінің осы кеңпейілдігі өзін орға жығатын сияқты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Жыл бойына ақшаны алмай-алмай келеді. Жылдың аяғында ақшаны қайда болса сонда шашады. Әйтеуір алып алу ақшаны. Ал сен көңілшексің, бәріне бере бересің. Саған екінші рет ескерту жасаймын. Байқа үшіншісі өзіңе қиын болады.

Сұлтановтың тым жұмсақтығы мен шенеуніктердің қолда бар қаржыны жұмсай алмауының кесірінен мектеп, аурухана мен балабақша сынды әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталмай қалған. Бүгін таяқтың бір ұшы елге ивестиция тарту мен индустрияға жауапты Жеңіс Қасымбекке де тиді. Себебі 150 миллиард теңге жұмсалған 72 зауыттың біразы қайта жабылып қалған. Министрлерді аяусыз сыбаған Нұрсұлтан Назарбаев

Ұлттық банктің төрағасына келгенде жібіп сала берді. Президент соңғы уақытта сынның астында қалған Данияр Ақышевті арқадан қағып, ешкімнен қорықпа деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Я смотрю и вижу, чем больше Национальный Банк начинает наводить порядок, тем больше нападок на председателя Национального Банка. Это делают акционеры и спонсоры, которые здесь сидят, в этом зале. Никого не бойся, никого. Кто будет вмешиваться, лезть, скажи мне фамилию.

-Есть.

Сондай-ақ  мемлекет басшысы бюджетке алақан жайып отыратын облыс әкімдері де шүйлікті. Өңірге инвестор тартып, жергілікті кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаға араластырудың орнына науқаншылдыққа әуес. Ал, бизнесмендерді негізссіз сотқа сүйреу тыйылмай тұр. Осылай деген Елбасы бюджет ақшасына қол салып, сенімін ақтай алмаған шенеуніктерді түрмеге жабудан басқа жол жоқ екенін ашына айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Жұмыс қиын болса онда басқа жаққа қарай жылжыңдар. «Болашақпен» жіберіп, алып келіп жұмысқа қойып, қадағалап, өсіресің, сонан кейін барып, түрмеге түседі. Я переживаю за них больше, чем их родители. Мне кажется, это предательство государственных интересов и доверия.

Бұдан-былай да, отанына сатқындық жасағандармен күрес күшейе бермек. Соның дәлелі ретінде былтыр 3 мыңға тарта атқамінер сотталып кеткен. Мемлекеттің қызметкерлердің пара алуын тоқтату үшін олардың жалақысы еселеп көтерілуі мүмкін. Әйтсе де, ашкөздіктің тыйыларына Нұрсұлтан Назарбаев аса сеніңкіремей отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Жағдай түзелгеннен кейін көтереміз. Оны жасаймыз. Цель заключается в том, чтобы зарплата государственных служащих приблизилась к бизнесу. Сонда қояды. Бiрақ қазақ қоймайды-ау. Қанша берсең де, аз болады.

Осылайша, 3 сағат бойы министрлер мен облыс әкімдерінің шала ісін сынаған президент жетекке ере алмағандармен бірден қоштасатынын қатал ескертті. Өйткені, ауқымды шаруаларға қазынадан миллиардтар бөлініп жатқанымен, оның іске асырылуы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұнап отырған жоқ. Сондықтан бюджеттің әр тиыны үшін тексеріс күшейіп, теңгелердің жұмсалуына Үкімет мүшелері басымен жауап береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.