Димаш Құдайбергенді атақты Лара Фабиан кездесуге шақырды
Қазақстандық өнерпаз Қытайда ғана емес, күллі әлемді тамсандыруда! Аспан асты елінде байқауға қатысып жатқан Димаш Құдайбергеннің өнеріне танымал француз әншісі Лара Фабианның өзі таң қалып, кездесуге шақырған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
06.02.2017
«Мен әншімін» байқауына қатысып жатқан Димаш жарыстың алғашқы күнінен бастап қытайлықтарды ерекше даусымен баурап алды. Жанкүйерлері де сәт сайын артуда. Ал 22 жастағы әншінің өзі байқаудың үш кезеңінен сүрінбей өтті. Бастапқы жарыстарда тіпті, көштің басын бермей келген ол бұл жолы үшінші орыннан көрінген. Десе де, жалпы есептік көрсеткіште әлі бірінші тұр. Байқаудың өзі 14 кезеңнен тұратынын айта кетейік. Сондықтан, нағыз жарыс алда. Ақтөбе қаласының тумасы келесі төртінші кезеңде қытай тілінде ән шырқамақ. Ал, оның соңғы көрсеткен өнері әдеттегідей көптің көңілінен шыққанымен, әншінің өзіне ұнамай қалған сыңайлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!