Семейде өрт қауіпсіздігін сақтамайтындар жаппай жазаға тартылуда
Себебі, мамандар оларға қанша ескерту жасағанымен ешкім құлақ аспаған. Енді рейд жүргізген өрт сөндірушілер тәртіпке бағынбаған тұрғындарға 11 мың теңге көлемінде айыппұл салып жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
06.02.2017
Бірақ өрт сөндірушілердің бұл ескертуі ешкімге керек емес. Тіпті тұрғындар арасында талай мәрте өткізілген рейдтің де нәтижесі болмай тұр. Биылғы жылу маусымы басталған уақыттан бері ыс тигендерге қатысты 26 оқиға тіркеліпті. Одан 84 адам зардап шеккен. Арасында 21 бала бар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Көбіне, қауіпсіздікті тасада қалдырғандар саяжай тұрғындары көрінеді. Өйткені жаздық баспаналарды сатып алғандар, оны қысқа толық дайындап үлгермеген. От жағатын пештері де дұрыс емес.
Ернар Жәлелов, Семей қалалық ТЖБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің бастығы:
-Егер, өрт қауіпсіздігі сақталмаса, 10 мың теңгеден аса айыппұл салынады. Қазір, мұндай жазаға 5 адам тартылды. Өйткені жылы сөйлесек ешкім кемшіліктерді түзетпейді. Алдағы уақытта да рейдке шығып, тәртіпке бағынбағандарды шетінен жазалаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!