Тимати Петропавлдағы көлігін сатып, ақшаны жетімдерге беруді талап етті
Ресейдің эстрада жұлдызы Тиматидің Петропавл айып тұрағында 11 жыл бойы тұрған көлігіне қатысты іске нүкте қойылатын болды. Әнші өзінің инстаграмм парақшасында Ауди ТТ маркалы қымбат көлігін сатып, ақшасын жергілікті балалар үйіне аударуға рұқсат беріпті.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
06.02.2017
Бұл үшін жуырда ол Петропавлға өзінің Қазақстандағы сенімді өкілін жібермекші. Осы жылдар бойы көлік қылмыстық істің заттай айғағы болғандықтан, оны сатуға тыйым салынған еді. Енді Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті тарапынан бұған ешқандай кедергі жоқ деген жауап келіпті. Автотұрақ басшылығы көлікті 1 миллион теңгеге бағалап отыр. Сатып алушылардан толас жоқ көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, Тиматидің спорттық қымбат көлігі 14-15 жыл бұрын әнші гастрольдік сапарда жүргенде Мәскеудегі үйінің адынан қолды болған. Кейін бірнеше рет сатылған машина Қазақстанда табылды. Бірақ оның иесі осы жылдар бойы темір тұлпарын алып кетуге асықпаған. Енді міне, жергілікті БАҚ өкілдерінің осы мәселені қайта қайта көтере бергенінен шаршадым деген әнші, қайырымдылық шарасы туралы шешімін инстаграммдағы парақшасына жариялапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!