{metadescription}
Шымкентте курстасын соққыға жыққан студент жазадан құтылуы мүмкін
Шымкентте курстасын соққыға жыққан студент жазадан құтылуы мүмкін

Шымкентте курстасын соққыға жыққан студент жазадан құтылуы мүмкін

Шымкентте өзінен екі курс жоғары оқитын студентті тепкінің астына алып, қорлаған жігіт жазадан құтылуы мүмкін. Себебі, соққыға жығылған колледж студенті әлімжеттік жасаған азаматқа қатысты арыз түсіруге қорқып отырған көрінеді. Бір жігітті екіншісі ұрып-соғып, итше үруге мәжбүрлегені түсірілген видео ғаламторда қызу талқыланған болатын.

Өзінен екі курс жоғары оқитын студентті ұрғанына масаттанған Жангелді есімді видео авторы, қарсыласын есекше ақыртып, итше шәуілдеткеніне мәз. Десе де полицейлер сотқар студенттің бұл әрекеті бір жолғы қылығы емес, бойға сіңген әдеті деп отыр. Видеомен жіті танысып шыққан тәртіп сақшылары оның 2 жыл бұрын да ауыр дене жарақатын салғаны үшін сотталғанын айтады. Шартты түрде жазаға кесіліп, еркіндікте ойына келгенін істеп жүрген ол үш бірдей кісі тонау жәйтіне қатысты тергеліп те жүрген екен. Демек, жүгенсіз студент адам ұрғанына байланысты істен құтылғанымен, тонау бабы бойынша тұтылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде