{metadescription}
Ақ түтек боранның кесірінен бірнеше аймақта  тағы жолдар  жабылды
Ақ түтек боранның кесірінен бірнеше аймақта  тағы жолдар  жабылды

Ақ түтек боранның кесірінен бірнеше аймақта тағы жолдар жабылды

Батыста ұйытқып соққан желден аттың құлағы көрінбейді. Бір Ақтөбе облысының өзінде құтқарушылар күні бойы қар құрсауында қалған  сексенге жуық жолаушыны жылы жерге жеткізген. Ал Арқада ауылдармен тіпті қатынас жоқ. Қарағанды облысында қайтыс болған марқұмды боранның кесерінен туыстары жер қойнына тапсыра алмай отыр. Жамбыл облысында да, жолда қалған жолаушыларды пойызбен тасуға мәжбүр болған.

Ақтөбеден шығатын жолдарда екі күннен бері бөгет тұр. Тәртіп сақшылары облыс орталығынан ешбір көлікті аттап шығармайды. Дегенмен, тыңдамағандарының жолда қалып жатқанын айтады құтқарушылар.

Ерік Ерімбетов, Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма басшысы:

-76 адам құтқарылды. Оның ішінде 3 бала. 26 адам қауіпсіз аймақа көшірілді.

Ал Арқада соңғы күндері ақтүтек бораннан көз аша алмай жатыр. Шалғай ауылдарға тіпті қатынас үзілген. Мәселен, Қарқаралы ауданындағы Жаңажол ауылы тұрғындары бір ай бойы аудан орталығына жете алмай жүр. Мына тастапада тіпті өлген адамды бейіт басына жеткізу үшін ауыл тұрғындары жол аршып әлекке түсуде. Аудан басшылығы болса, жақын күндері ауылға арнайы техника жібереміз дейді. Өйткені осыған дейін олар қалаға қатынайтын тас жолды тазалаудан босамапты.

-Мына жол екі метр. Оны қолмен қалай аршимыз?

Жамбыл облысында жол бөгеуге шыққан потрульдік полицейлер де қар құрсауында қалған. Кезекшілікте жүрген олар көліктерін айдалаға тастап тастап кетуге мәжбүр болыпты. Олардан бөлек боранды күні айдалада қалған үш жүзге жуық жолаушы жақын маңдағы ауыл мектебін паналады. Ал Бауыржан Момышұлы елді-мекені маңында тоқтап қалған автобустағыларды Таразға темір жолмен тегін жеткізген.

Синоптиктер алдағы үш күн бойына еліміздің біраз бөлігінде боран басылмайды деп болжайды. Әсіресе солтүстік пен орталық аймақтарда. Тек еліміздің оңтүстігі мен Маңғыстау облысында сынап бағанасы көтеріледі. Ал Универсиада біткенше Алматы облысында аяз тұрғанымен, күн ашық болады екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде