Жамбылда транзиттік көлік жүргізушілері қарақшылардың құрбаны бола жаздады
Бетперде киіп, мұздай қаруланған топ жүк көліктеріне шабуыл жасаған. Қаскөйлер тек бір машинаның иесін тонап үлгеріпті Өзгесі қашып құтылған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
06.02.2017
Қыруар ақшаны көздеген қаскөйлер «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолында жүк көлігін тоқтатқанымен, жүргізушінің тек екі мың теңгесін тартып алыпты. Бұған көңілі көншімеген олар, тағы екі жүк машинасын шабуылдаған екен. Алайда олар қашып үлгерген. Сөйтіп, тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Жедел іске кіріскен полицейлер қарақшыларды алысқа ұзатқан жоқ. Бетперделері, оқ-дәрісін сайлап, кезекті шабуылға дайындалғандар - Алматы, Қарағанды және Мойынқұм ауданының тұрғындары. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Ғабит Төлегенов, жол-патрульдік полициясының инспекторы:
- Аспанға бір оқ атылды, қалған 4 оқ автокөлік доңғалағына атылды. Доңғалақ жарылды, соған қарамастан мұздың үстіне шығып кетті. Сөйтіп машина соғып тоқтатуға тура келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!