{metadescription}
 Елімізде долларға сұраныс төмендеп,теңге тағы беки түсті
 Елімізде долларға сұраныс төмендеп,теңге тағы беки түсті

Елімізде долларға сұраныс төмендеп,теңге тағы беки түсті

Қор биржасындағы доллардың таңертеңгілік бағамы 322 теңгеге дейін төмендеді. Ал сарапшылар ұлттық валютамыз әлі де күшейеді деген болжам айтып отыр.

Өйткені төл ақшамыздың тағы біраз әл жинауына бірнеше ішкі және сыртқы факторлар әсер ететін болады. Мұнайдың әлемдік бағасы тұрақталып, тіпті біртіндеп көтеріліп келеді. Шикізат экспортына арқа сүйеген Қазақстан үшін бұл жағымды жаңалық. Одан бөлек, Дональд Трамп АҚШ кәсіпкерлерін елге қайтып, инвестицияны өз мемлекетіне салуға үгіттеп жатыр. Сол арқылы Құрама Штаттардың экспорттық қуатын арттырмақ. Бұл жағдайда АҚШ өз валютасының құнын біршама әлсіретуге мәжбүр болады. Ал рубльдің 10 пайыз девальвацияға ұшырау мүмкіндігі теңгемізге аса қауіп төндірмейді екен. Өйткені Ресей қаржы нарығын қатты құбылтып жіберуге құлықты емес дейді отандық сарапшылар.

Әкімжан Арупов, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры:

-Елімізде долларға деген сұраныс күрт төмендеді. Жұрт бұрынғыдай шетел аралап қыдыру дегенді азайтты. Тіпті, импорт тауарлардың да өтімділігі төмендеді. Сондықтан, осыған дейін девальвация туралы көп айтсақ, енді ревальвацияның уақыты келіп жетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде