{metadescription}
Атыраудағы Мақат кентінің жұрты шыбын жанын шүберекке түйіп отыр
Атыраудағы Мақат кентінің жұрты шыбын жанын шүберекке түйіп отыр

Атыраудағы Мақат кентінің жұрты шыбын жанын шүберекке түйіп отыр

Атырау облысында Мақат кентінің тұрғындары күліміз бір күні күліміз көкке ұша ма деген үреймен отыр. Себебі, үйлері Мақат-Солтүстік Кавказ магистралдық газ құбыры дәл түбінде тұр. Негізі, құбырдың сол кездегі иесі - «Аджип» компаниясы, магистраль маңына ешқандай тұрғын үй салуға болмайтынын ескерткен екен. Тек оны жергілікті басшылар ғана естімеген сыңайлы. Өйткені, сол тыйым салынған аумақтан жұртқа жер телімдерін оңды-солды үлестіріпті. Енді компания мен әкімдік бір-біріне сілтеп, тұрғындарды әуре-сарсаңға салып жүр.

Мақаттықтардың мазасын алған газ құбыры осы жерде жатыр. Магистраль құрылысы басталғалы бері, жұрт салып жатқан үйлерін қайта бұзып, әлекке түсіпті. Оған сол кездегі Аджип, қазіргі NCOC компаниясының тыйым салған хаты себеп. Яғни, газ құбыры өтіп жатқан аумаққа тұрғынүй салуға болмайды деген. Содан бері 10 жылдай уақыт өтсе де, тұрғындар әлі күнге дейін не құрылыс жұмыстарын жүргізе алмай, не көшерін білмей отыр.

Әсия Оңдыбаева, Мақат кентінің тұрғыны:

-«Аджип» кезінде ақшасын төлейміз, үйді тоқтатыңдар, деген. Енді одан ешқандай хабар жоқ. Біздің материалымыз суға, қарға желініп кетіп жатыр.

Бір қызығы, Мақат пен Солтүстік Кавказ арасындағы газ құбырының құрылысын жүргізуге жер телімі сонау 2003 жылы бөлініпті. Ал жергілікті әкімдік соны біле тұра, 2008-2009-дан бастап газ құбыры жүріп жатқан аумақтан тұрғындарға жер үлестірген.

-Осы жағдайға байланысты NCOC компаниясы хат арқылы ғана жауап қатты. Айтуларынша,қауіпті аумақтан жер бергентұрғындарға жер берген әкімдік әрекетінің заңсыз екенін айтып, сотқа хат жазған. Тіпті жағдайды реттеуді де сұраған. Алайда нәтиже болмапты.

Ал әкімдіктегілер қашанғыдац жайбарақат отыр. Әрі-сәрі күйде жүрген тұрғындардың алаңдауына себеп жоқ дейді. Тіпті бастаған құрылысты жалғастыруға рұқсат та берген. Бірақ мұнай компаниясының тұрғындарға салған тыйымынан хабарсыз болып шықты.

Берікқали Сәрсенғалиев, Мақат ауданының әкімі:

-«Аджип» тұрғындарға хат таратты деп естіп отырмыз . Ол қандай хат, неге таратылды? Олай болса , біз «Аджип» компаниясының басшыларын шақыртамыз мына жерге, халықпен түсінісіп, мәселесін шешіп береміз. Тұрғындардың ол жерден үйлерін тұрғызуға  әкімдік тарапынан ешқандай кедергі жоқ.

Бір анығы – NCOC компаниясы, қауіпті аймақтан тұрғындарға жер берген әкімдік бұл мәселені өзі шешсін деп отыр. Олар тіпті, заңсыз берілген жер телімдеріне салынған үйлерді көшіру мәселесін де қарастыра алмайтындарын ашық айтты. Әкімдік пен алпауыт компанияның қайсысына сенерін білмеген тұрғындар енді облыс билігінен үміттеніп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде