{metadescription}
Павлодарда 40 мың теңге үшін сатушыны оңдырмай сабаған қарақшы ұсталды
Павлодарда 40 мың теңге үшін сатушыны оңдырмай сабаған қарақшы ұсталды

Павлодарда 40 мың теңге үшін сатушыны оңдырмай сабаған қарақшы ұсталды

Павлодарда дәл жаңа жыл түні дүкен сатушысын ұрып-соғып, кассадағы ақшаны ала қашқан адам ұсталды. Бетін тұмшалап алған қарақшының бұл әрекеті дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалған болатын.

Медициналық бетперде таққан ер адамның дүкенге кіріп, сатушыны соққының астына алғаны мына кадрларда анық көрінеді. Еденге құлаған әйелді оңдырмай сабаған бұзақы кейін кассадағы 40 мың теңгені алып, ізін суытқан. Дүкеншінің өзі жараланғанымен, аман. Ал видеоны зерттеген полицейлер ақыры 34 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Өзі бұрын да істі болған екен. Кінәсін мойындаған ол ұрлаған 40 мың теңгені қайда жұмсағанын да айтып беріпті.

Алма Мұсабекова, Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің маманы:

-Күдіктінің айтуынша,  ақшаға  жаңажылдық дастарханға азық-түлік, спирттік ішімдіктер  және туыстарына сыйлықтар алған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде