Универсиаданың оныншы күні 11-ші алтын қоржынға түсті
Бүгін, әсіресе, биатлоншылар мен шаңғышылар жарап тұр.
Автор: Диас Нұрақын
07.02.2017
Галина Вишневская 12 шақырымдық биатлон жарысынан қарсыластарын қапы қалдырып, универсиаданың екінші алтынын тақты. Бұған дейін ол 7 жарым шақырымға жүгіруден алдына жан салмаған. Ал ерлер арасындағы сайыста Роман Ереминге күміс бұйырды. 15 шақырымдық қашықтықта ол француз спортшысына есе жіберді. Үшінші орын тағы бір отандасымыз – Антон Пантовтың еншісінде. Шаңғышы Анна Шевченко да бүгін қола жүлде алды. Сөйтіп, ол бір өзі бес бірдей медаль еншілеп отыр. Қос-қостан медаль тағынғандардың қатарында Денис Никиша да бар. Кеше ғана қолаға қол жеткізген шорт-трекші бүгін мың метрге жүгіруден тағы да үздік үштіктің қатарына ілікті. Осылайша Қазақстан құрамасы әзірге 11 алтын, 7 күміс және 15 қола медальмен командалық есептегі екінші орнын сақтап қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!