{metadescription}
Ішкі Істер министрлігі камералардың санын көбейткелі жатыр
Ішкі Істер министрлігі камералардың санын көбейткелі жатыр

Ішкі Істер министрлігі камералардың санын көбейткелі жатыр

Жүгенсіз жүргізушілерге жауапкершіліктен құтылу қиынға соққалы тұр. Себебі Ішкі Істер министрлігі жол бойындағы камералардың санын көбейтпекші.

Сонымен қатар жол патрульдік полициясының қызметкерлеріне қосымша бейнетіркеуіштер таратылады. Ал сақшыларға таяқтың орнына ақ қолғап пен  жарық түсіріп тұратын кеудемшелер берілгелі жатыр. Бұл олардың әсіресе  қараңғыда алыстан көзге түсуі үшін қажет. Қаңтардан бастап жол қозғалысы тек автопатрульмен қадағаланатындықтан облыстарға камерамен жабдықталған жаңа көліктер де сатып алынбақ. Қаржы жағымен жергілікті әкімдіктер көмектесуі тиіс.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:

-Бұл тиімді әдіс. Бейнекамералар алдымен қозғалысы көп көшелер, кісі қарасы көп жүретін базар, сауда орындарының маңына қойылады. Сөйтіп жол апаты мен қылмыстың алдын алмақпыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде