{metadescription}
ШҚО-да бірнеше шаруа қожалығы депутаттың ұлын тақырға отырғызды деп айыптады
ШҚО-да бірнеше шаруа қожалығы депутаттың ұлын тақырға отырғызды деп айыптады

ШҚО-да бірнеше шаруа қожалығы депутаттың ұлын тақырға отырғызды деп айыптады

Шығыс Қазақстан облысында 40-қа жуық шаруа қожалығы жабылуы мүмкін. Өйткені Абай аудандық Мәслихаты хатшысының ұлы, «Шыңғыстау»  корпорациясының бұрынғы директоры Еркебұлан Арна жұрттың төлеген несиесінің 28 миллион  теңгесін жеп қойған. Соның кесірінен, қожалық қожайындары  тақырға отырдық деп наразы. Яғни, қолдарында төлем түбіртектері бола тұра, кепілдікке қойылған заттарынан айырылуға мәжбүр. Қазір тіпті жалақы мен зейнетақы жинақтары да түгелдей бұғатталып тұр.

Абай ауданындағы 36 шаруа қожалығы бірігіп, «Шыңғыстау» корпорациясы арқылы «Қазагродан» несие алған. Тәртіп бойынша қарызды шаруалар корпорацияға, ондағылар үкіметке төлеуі керек екен. Уақытылы өтеп келген қожалық иелері, ақыр аяғы қу таяғын ұстап қалды. Себебі, «Шыңғыстау» корпорациясының басшысы – жергілікті дөкейдің ұлы төленген ақшаның 28 миллион теңгесін жоқ қылған.

Төлеубек Нұртазин, Қарауыл ауылының тұрғыны:

-Оған Ерлан Лдибаев менің баламды бастық қылып тағайындаңдар, министерлік пен  облыста таныстарым бар деген.  Түгел несиені сендерге әперіп, алға тартамын деді. Балама өзім қамқор болам. Есепті менен сұрайсындар дегеннен кейін, соны сайладық. 

Осылайша, кезінде білдей бір аудан әкімінің орынбасары болып тұрғанда Ерлан Лдибаев ұлын «Шыңғыстау»  корпорациясына директор етіп сайлау үшін қожалықтардан қол жинаған екен. Енді тақырға отырған қараша халық Лдибаевтан сол сенімді ақтамағаны үшін жауап алуға, оны жұмыс уақытында орнынан таппай жүр.

Лдибаев – қазір аудандық мәслихат хатшысы. Оның ұлы Еркебұлан Арна өткен жылдың мамыр айында қамауға алынған. Бірақ қожалық иелері сот ісі сиырқұйымшақтанып кетті деп наразы.

Тыныштыбала Омарова, Қарауыл ауылының тұрғыны:

-Бәріне арыз жаздық. Істі қаратпай отыр. Барлығын жауып тастауда. Қысқасы, шоқпары мықты болса, киіз қазық жерге барадының кебін кидік. Өзі істеп отыр. Сотың да, прокурорың да қарамайды. Біз білмейміз дейді.

40-қа жуық қожалықтың есеп-шоттарын қолдануға тыйым салынған. Олар тіпті зейнатақы мен жалақыны да ала алмайды. Бұл мәселеге қатысты жергілікті билік те шарасыз екен.

Марат Еділбаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары:

-Мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген несиелер мен субсидиялар талапқа сәйкес беріліп жатыр. Мәселе бойынша құқық қорғау органдары айналысуда. Мәселені солар шешеді. Оның басқа несиеге жалақыға және зейнетақыға қатысы жоқ.

Ал кезінде ауызша кепіл боламын деген Ерлан Лдибаевтың заңдық тұрғыда еш кінәсі жоқ. Сондықтан былыққа белшеден батқан ұлын құзырлы органдар жазалауы тиіс. Алайда Мәслихат хатшысының құрығының ұзындығынан қауіптенген қожалық иелері істі Астана бақылауына алса дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.