Жамбылда екі мектеп оқушысы қауіпті «Синий кит» ойынының құрбаны бола жаздаған
Қаскөйлердің арбауына түскелі жатқан жеткіншектерді құзырлы орындар дер кезінде анықтапты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
07.02.2017
Аброй Азаматов, Жамбыл облыстық прокуратурасының аға прокуроры:
-Екі оқушы ойынға енді кірген. Бірақ сол әлеуметтік желідегі қауіпті ойынға тіркелгендер де бар. Қайғылы жағдай болмас үшін, ата-ана ұл-қыздарын үнемі бақылауда ұстауға шақырамын. Қазір бізде осы бағытта жұмысты күшейтіп жатырмыз.
Әзірге екеуінің де аты-жөні айтылмай отыр. Белгілісі біреуі Таразда, ал екіншісі аудандағы мектептердің бірінде оқиды. Осы 8-ші сынып оқушысы «Синий кит» ойынын құмарлана ойнауға кіріскен екен. Тіпті, қаскүнемдердің екі тапсырмасын орындап, қолына киттің суретін салып үлгеріпті. Құдай сақтағанда, оның бұл әрекеті уақытылы анықталып, бір ажалдан қалды. Қазір жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, әлеуметтік желіде осы қауіпті ойын шықты дегелі елден маза қашты. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, ойынға кірген соң одан тірі шығу мүмкін емес екен. Ата-аналарды шошытқан «Синий кит» және «Тихий дом» ойындарына байланысты кешеден бері еліміздің Ішкі істер министрлігі интернетте бақылауды күшейтсе, бүгін Ақпарат министірлігі қаскөйлермен білек сыбана күресуге кіріскендерін мәлімдеді.
Әділ Қожықов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің комитет төрағасы:
-Әлеуметтік желілерде күдік туғызатын жазбалар анықталса, тұрғындардың біздің министірлікті сайтына жазып, сілтемесін қалдыруға болады. Оны біздің мамандар мұқият тексеріп, расында суицитке итермелейтін мағлұматтар жарияланған болса, онда біз дереу сайт редакциясына шығып, жазбаны алып тастауын сұрамыз. Оған көнбесе тиісті орындарға арызданамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!