«ЭКСПО» қонақтарына алдымен қазақтың ұлттық тағамдары беріледі
Ет пен бауырсақтан бөлек, қымыз, шұбат та меймандардың дастарханына қойылады. Тіпті көрме аумағынан бірнеше қазақ мейрамханалары ашылмақ.
Автор: Сабина Мәдиқызы
08.02.2017
Қазақтың ас-суынан бөлек, көрмеге қатысатын мемлекеттердің ұлттық тағамынан дәм татуға болады. Қазіргі таңда 15 ел бөлінген павильондарынан өз мейрамханаларын ашуға келісім берген. Негізі ұйымдастырушылар қоғамдық тамақтануға 10 мың шаршы метр жер әзірлеп қойыпты. Бос аумақтардың көбін сауданың ебін білетін кәсіпкерлер иемденіп үлгерген. Ал еріктілер мен көрме қызметкерлерін тегін тамақтанады екен.
Балжан Мұхаметжанова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ коммерциялық департаментінің бас менеджері:
-Ұлттық тағамдар бойынша, бәрін қамтимыз. Павильндарда республикамыздың ұлт түрлі ұлттарының тағамдары да қойылады. Фаст-фуд тағамдары да болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!