{metadescription}
Алматыда айлап жылусыз отырған жұрт шу  шығарды
Алматыда айлап жылусыз отырған жұрт шу  шығарды

Алматыда айлап жылусыз отырған жұрт шу шығарды

Қыс ортасында қалтырап отыр. Алматының іргесіндегі Бесағаш ауылының тұрғындары 6 ай қыста жылуға жарымай жүр. Ауылда табиғи газдың көлемі азайып, газбен жылытылатын жер үйлердің жағдайы қиындаған. Оған себеп үлкен көлемде газ тасымалдауға құбырлардың шамасы жетпейді екен. Ал газ жеткізуші компания бұл олқылықты енді ғана жөндеп жатыр.

Қосқабатты коттеджі бар Амангелді Төлегенов қысқы суыққа шыдамай, отбасымен үйінің жертөлесінде тұрып жатыр. Қыс бойы жылымайтын үйдің дәл қазір жертөлесі қолайлы болып тұр.

Амангелді Төлегенов, Бесағаш ауылының тұрғыны:

-Балалардың  бәрі астына кетеді. Әйеліміз, бәріміз. Міне, көріп тұрсыңдар ғой, жылы бұл жер.

Мұнда жылымай отырған жалғыз Амангелдінің үйі емес. Газ жеткізуші компания қақаған суықта дүйім жұртты дірілдетіп қойған. Осындағы бірнеше ықшамаудандар мен саяжай тұрғындарының бәрінде бір жағдай.

Ақмарал Бегенова, Бесағаш ауылының тұрғыны:

-Балаларды жуындыруға ешқандай ешқандай мүмкіндік жоқ. Тамақ жасау өте қиын. Газ жоқ, пеш жағып отырмыз. Ақшасын уақытылы төлейміз. Ақшасы 14-15 мың, 18 мыңға дейін келеді айына. Не үшін төлеп жатқанымды мен өзім түсінбеймін.

Түйткілдің төркіні ауылға тартылған газ құбырының жіңішкелігінде  екен. Ауылға жеткен табиғи отын мына жерден таратылады. Алайда, газ қысымын арттырайын десе, оған құбырдың шамасы жетпейді. Тұтынушылар күрт көбейген соң, енді ескі құбырды диаметрі үлкенірегіне алмастыру керек.

Николай Мордасов, «ЖетісуГазҚұбыры» ЖШС өкілі:

-Құбырдың газ өткізу мүмкіндігін арттыру қажет деп шештік. Ол үшін басқа ауылдағы артық газ көлемін кемітіп, осында жібергелі жатырмыз. Құбыр да алмастыру керек. Ал бүкіл ауылдарды газбен толық қамтамасыз ету мәселесін алдағы уақытта түбегейлі шешеміз.

Тұрғындардың бұл мәселесі Талғар ауданының басшылығына жақсы таныс. Бірақ, әңгіменің бәрі айналып келгенде газ беруші компанияның құбыр жаңарту жұмыстарына тіреліп отыр.

Бесағаштықтардың басындағы жағдай осымен үшінші жыл қатарынан қайталанып отыр екен. Көгілдір отынға жарытпаған компания тағы да құрғақ уәдемен берген. Өйткені, газ қысымын арттырамыз деген уәдесі сөз жүзінде қалып, нақты іс жүзінде қашан бітетінін компания өкілі бәрібір айта алмады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде