{metadescription}
Астананың кеңейген шекарасына қандай аумақтардың кіргені белгілі болды
Астананың кеңейген шекарасына қандай аумақтардың кіргені белгілі болды

Астананың кеңейген шекарасына қандай аумақтардың кіргені белгілі болды

9 мың гектарға дейін ұзарған Елорданың құрамына әуежай маңындағы учаскелер, Ұлттық пантеон мен тағы жаңадан салынып жатқан зират аумағы кіретін болды.

Өйткені, әуежайды кеңейту жоспарланғандықтан, төңіректегі жер телімдерін  бас қаланың құрамына енгізуге тура келген. Ұлттық пантеон салынып жатқан аумақ Ақмола облысына кіретін. Енді ол да Астанаға өтіп отыр. Бірақ, Елорда шекарасы бұдан да үлкейе түсуі мүмкін. Өйткені, ондаған ауылдар да Астананың құрамына кіреді. Бірақ, әзірге нақты қай елді-мекендердің қосылатыны белгісіз. Қала әкімдігі осы арқылы ауыл тұрғындарына жағдай жасамақшы.

Дәурен Қайсаров, Астана қалалық әкімдігінің жанынан құрылған шешімдер бюросының басшысы:

-Мысалы азаматтар автобуспен келеді. Астанаға дейін бір бағамен, Астанаға кірген соң екінші бағамен жүреді. Осындай мәселелерді реттеу үшін Астананың агломерациясы жасалмақ. Сонымен қатар қар тазалау мәселесі. Бір жарым шақырым жерде орналасқан елді- мекендер қалаға жатпайды. Бірақ қарларын тазалаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде