Шымкентте газ құбырының жарылуына қатысты алғашқы болжамдар пайда болды
Ал Шымкенттегі көпқабатты үйде газ құбыры жарылып, бүтін бір пәтер жарамсыз боп қалды. Мұнда денесінің 33 пайызын күйік шалған қожайыны ауыр хәлде ауруханада жатыр. Жарылыстан тіпті көрші пәтерлерге де зақым келіпті.
Автор: Бек Әбиев
08.02.2017
36 жастағы азамат таңғы шәйін ішпек болып шырпы жаққанда, асүйде жиналып қалған газ тарс ете түсіпті. Терезесі ұшып, тіпті есіктеріне дейін қақырап кеткен пәтерден құтқарушылар шалажансар азаматты алып шығып дереу ауруханаға жөнелтті. Көрші пәтерлерге де зақым келгенімен, мұнда жарақат алған ешкім жоқ. Ал жарылысқа газ плитасына дұрыс қосылмаған шланг себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Осы жағдайға байланысты құрылған комиссия қазір апаттың нақты себебін анықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!