{metadescription}
ШҚО-да газ баллоны жарылып  бір адам қаза тапты
ШҚО-да газ баллоны жарылып  бір адам қаза тапты

ШҚО-да газ баллоны жарылып бір адам қаза тапты

Шығыс Қазақстандағы Үржар  ауылында екі қабатты тұрғын үй отқа оранып, төрт бірдей газ баллоны атылды. Жарылыс салдарынан 16 пәтердің түгі қалған жоқ.

Қайта, өрт сөндірушілер жеткенше, іштегі тұрғындар терезеден секіріп үлгерген. Бір сәтте баспанасыз қалған 59 тұрғын қазір қонақ үйде тұрып жатыр. Құтқарушылар өрттің шығуына жұртты кінәлауда. Өйткені, дәл осы үйге инспектор келіп, бірнеше мәрте өрт қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту жасаған екен. Алайда тұрғындар пеш пен газ баллонын пайдалану ережесін тасада қалдырған сыңайлы. Қазір оқиға орнында құзырлы орындар жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай аталған өңірдегі Зырян қаласында да болды. Мұнда да бүгін таңертең екі қабатты үй өртеніп, от тұтанған пәтердің иесі қаза тапқан. Ал көршілеріне ыс тиіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Амангелді Шегетаев, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

-Өртті сөндіру кезінде пәтер иесінің мәйіті табылды. Көршілерінің айтуынша, арақ ішетін адам сияқты. Темекі тартқан. Содан шоқ түсіп астындағы матрас өртенген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде