{metadescription}
Ішкі Істер министрлігі интернеттегі өлім топтарына тіркелгендерге қатысты тағы  мәлімдеме жасады
Ішкі Істер министрлігі интернеттегі өлім топтарына тіркелгендерге қатысты тағы  мәлімдеме жасады

Ішкі Істер министрлігі интернеттегі өлім топтарына тіркелгендерге қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дегенмен, жеткіншектерді суицид жасауға мәжбүрлейтіндердің кім екенін анықтау оңайға соғып тұрған жоқ. Өйткені, қауіпті топтардың авторлары фейк парақшаларды пайдаланады.

Аты-жөнін де өтірік жазады. Сондықтан, еліміздің ата-аналар қауымдастығы балаларға ұялы телефон мен смартфондарды қолдануын азайту керек дейді. Яғни, үлкендер ұл-қызымен жиі сөйлесіп, арам ниеттілердің шырмауына түсірмеуі тиіс. Ал, Ішкі Істер министрлігі интернеттегі өлім топтарына қатысқан балалардың ішінде өздеріне қол жұмсап өлгендер жоқ деп отыр. Әлеуметтік желіде таралып жатқан аудио жазбаларға да сенбеуге кеңес берді.

Алмас Сәдубаев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

-Тек қана тиісті органдардың ресми ақпараттарына ғана сүйенген жөн. Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқандарға, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Біздің елімізде ғаламтор желісіндегі суицидтік ойындарға байланысты қайғылы жайттер тіркелмегенін ресми мәлімдеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.