{metadescription}
Таразда қарындасын зорламақ болды деп сотталған жігіттің үкімі сол күйінде қалды
Таразда қарындасын зорламақ болды деп сотталған жігіттің үкімі сол күйінде қалды

Таразда қарындасын зорламақ болды деп сотталған жігіттің үкімі сол күйінде қалды

Таразда туған ағасының қызын зорламақ болды деген айыппен 15 жылға қамалған қордайлық Айбек Құтылмұратовтың ісін қайта қараған апелляциялық сот үкімді сол күйі өзгеріссіз қалдырды. 26 жастағы жігіттің жеткіншекке азғындық жасамақ болғаны толық дәделденді дейді судья.  

Нұрмұхаммат Абидов, судья:

- Сот қылмыскердің жазасын жеңілдетуге еш негіз таппады. Ал жалған шағым жаздым деген жеңгесінің сөзі – туысын ақтап алудың әрекеті ғана. Болмаса, зорлық көрген бүлдіршіннің өзі жағдайдың қалай болғанын айтып берген. Тіпті мұндай азғындық әрекет бірнеше мәрте қайталанған болуы мүмкін.

 

Ағасының қаршадай қызын өз үйіне алдап кіргізіп, жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен ұсталған Айбек өткен жылы 15 жылға темір торға жабылған. Тергеу барысында ол қарындасымен төсектес болмаса да, нақты айғақтармен оның азғындық жасауға ұмтылғаны расталған. Бірақ әу баста қайын інісінің үстінен «қызын зорлады» деп арыз түсірген Жұлдызхан Баймағанбетова кейін өз сөзінен өзі айнып қалды. Тіпті күйеуінің інісіне жала жабуға тергеушілер мәжбүрледі деген. Сөйтіп, оның сүттен ақ, судан таза екенін айтып, Айбекті ақтауды сұраған болатын. Бірақ келіншектің екінші уәжіне тергеушілер де, сот та сенген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде