{metadescription}
Жолаушыларды  тонаумен айналысқан  Алматы әуежайының қызметкерлері шатылып жатыр
Жолаушыларды  тонаумен айналысқан  Алматы әуежайының қызметкерлері шатылып жатыр

Жолаушыларды тонаумен айналысқан Алматы әуежайының қызметкерлері шатылып жатыр

Алматы әуежайының қызметкерлері ұрлықшы боп шықты! Алматыдан Ашхабадқа ұшқан жолаушылар миллион теңгесі мен бағалы заттарын діттеген жеріне жеткенде таппай қалған. Кейін белгілі болғанындай, сөмке әуежайда ашылған екен. Яғни жүкті ұшаққа қарай тасығандар орта жолда ішіндегісін қолды қылған. Ал қоластындағылары ұрлық жасап ұсталған әуежай басшылығы болған жайтқа жүктеріне немқұрайды қараған жолаушылардың өздерін кінәлады.

Ұшаққа мінбей жатып сөмке ішіндегісінің ұшты-күйлі жоғалатынын жолаушылар жиі айтып шағымданатын. Алайда әуежайдағылар осы уақытқа дейін оның бірін де мойындамаған еді. Тек бұл жолғысы таспаға түсіп, теріске шығара алмай қалды.     

Болат Ержанов, Алматы әуежайының атқарушы директоры:

-Ұрлық жасағандарды жұмыстан шығардық. Қазір олар бізде жұмыс істемейді. Әрі тәртіпті күшейттік. Жүкті реттейтін секторға қосымша күзет қойдық. Енді ондай жағдай қайталанбайды деп сенеміз.

Алматыдан Ашхабадқа ұшқан жолаушылардың жүк сөмкесінен миллион теңге мен бағалы заттар ұрланған. Оны жолаушылар діттеген жеріне жеткенде бір-ақ біліпті. Кейін таспадан қараса,  қолды қылған жүк тасушылар екен. Бір емес, бес бірдей қызметкері ұрлық жасады деп айыпталса да, әуежайдағылар жүкке немқұрайды қараған деп жолаушылардың өздерін жазғырып отыр.       

-Жолаушылардың тоналмай жерге түсетініне ешқандай кепілдік болмай тұр. Жүктердің қауіпсіздігіне көп жағдайда жауапты әуежай қызметкерлері жоғалу фактілеріне жолаушылардың өздерін кіналайды. Өйткені, олар заттарын міне мынадай қаптамаға орамаған. Ал бұл қызмет ақылы тұрады. Сіз кем дегенде 1 500 немесе 2 мың теңге қалтаңыздан шығарып, өз қауіпсіздігіңізді өзіңіз сақтауыңыз тиіс екен.

Сөмкелердің қауіпсіздігіне әуежай ғана емес, әуе компаниясы да жауапты. Тек бір-біріне бағынбайтын мекеме бұл үшін жауапкершілікті бір-біріне сілтеп әлек. Салдарынан жолаушылардың өздері ұрылардан қорғануға мәжбүр.

Дәурен Арғынбаев:

-Негізі өзіңмен  бірге алып жүрген дұрыс . Қымбат зат болғаннан кейін оны қалай енді багажға саласың?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде