Үкімет жастарды тегін оқытуға 85 миллиард теңге бөлді
Тестілеуден өте алмаған қыз-жігіттер кәсіби техникалық колледждерге түсіп, мамандықты мемлекет есебінен тегін оқиды.
Автор: Ербол Сейілхан
09.02.2017
Бірақ мұндай жеңілдікті 11 сыныпты бітірген 3 жылдың ішінде пайдалана алады. Бағдарламаға қатысқысы келетіндер құжаттарын жұмыспен қамту орталығы мен жергілікті әкімдіктерге тапсыруы тиіс. Тіпті шенеуніктер биылғы түлектердің үйін аралап, ақылы оқуға шамасы жетпейтіндерге тегін білім алуға кеңес бермек. Одан қалды Еңбек министрлігі шалғайдағы ауылдарға дейін жетіп ұл-қыздарға техникалық мамандықтарды игеріне күш салмақ.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
-Барлығымыз заңгер пен экономист болғымыз келеді. Ал экономикамыздың сұранысы басқаша. Бағдарламаны іске асыру үшін ең міндетті бөлігі жылдың басында керекті мамандықтарды белгілеп отыруымыз керек. Қысқа мерзімде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!