{metadescription}
Ақтөбеде лауазымды шенеунікті алдап соққан келіншек сотта жауап беріп жатыр
Ақтөбеде лауазымды шенеунікті алдап соққан келіншек сотта жауап беріп жатыр

Ақтөбеде лауазымды шенеунікті алдап соққан келіншек сотта жауап беріп жатыр

Ақтөбеде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарын сан соқтырып кеткен келіншек сот алдында жауап беріп жатыр. 39 жастағы Ботагөз Биекенова шенеуніктен өзге бірнеше  адамды алдап ақша алған көрінеді.

Алмат Ермағанбетов қамауда отырған осы әйелдің кесірінен жақында ғана әкімдіктегі қызметінен қағылғанын да айта кетейік. Өйткені, ол қыздарын жоғары оқу орнына түсіріп беруге уәде еткен сотталушыға 20 мың доллар ұстатыпты. Кейін алданғанын біліп, тәртіп сақшыларына хабарласады. Енді 20 мың доллар да жоқ, оны пара ретінде бергені үшін өзі де облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қуылып отыр. Ал, Ботагөз Биекенова бұрынғы шенеуніктен өзге төрт танысын алдап кеткен екен. Біріне Астанадан үй уәде еткен, енді бірін кәсібінен үлес беремін деп үміттендіріпті. Әйтсе де күдіктінің туыстары оның алаяқтық жасамағанына сенімді. Керісінше, шенеуніктердің тендер кезіндегі былығына араласпағаны үшін кінәлі болып отыр екен. Айта кетейік, Биекенова медициналық құралдар мен дәрі-дәрмек сататын неміс компаниясының Ақтөбедегі өкілі болған.

Емберген Биекенов, айыпталушының әкесі:

-Біз «откат» берген жоқпыз. Менің ойымша, былық тендерден басталды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде