{metadescription}
Храпуновтың ұлы Ұлыбританияда жауапқа тартылуы мүмкін
Храпуновтың ұлы Ұлыбританияда жауапқа тартылуы мүмкін

Храпуновтың ұлы Ұлыбританияда жауапқа тартылуы мүмкін

Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ұлыбританияда жауапқа тартылуы мүмкін. Лондонның апелляциялық соты ақыры Ілияс Храпунов пен оның қайын атасы Мұхтар Әблязовтың сыбайлас екенін дәлелдепті.

 «Форбс» журналының мәліметінше, қашқын банкирдің күйеу баласы қайын атасының БТА банкінен ұрлаған қаржысын жасыруға көмектескен. Яғни, тергеушілер Ілияс Храпунов пен Мұхтар Әблязовтың 2009 жылы заңсыз ақшаны жасыруға келіскені анықтапты. Ал Әблязов дәл сол кезде істі болып жатқан еді. Сондықтан ол ұрлықпен келген активтерінен айырылып қалмас үшін күйеу баласы арқылы әрекетке көшкен көрінеді. Негізі, кіші Храпуновтың ісі бұған дейін де қаралған. Алайда алғашқы сотта кінәсі дәлелденбеген болатын. Ілиястың Алатау бөктеріндегі жерлерді гектарлап сатқан әкесіне де, БТА-ның миллардтарын ұрлаған қайынатасына да Қазақстанда бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айта кетейік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде