Ақтаулық оқушы «Синий киттің» құрбаны бола жаздады
Ақтаулық жеткіншек әлеуметтік желіде әйгілі болған «Синий киттің» құрбаны бола жаздады. 13 жасар Артем бұл ойынды ойнау үшін сол қолын 71 жерден тілгілеп тастапты.
Автор: Жанар Низамутдинова
09.02.2017
Айтуынша, ойынға қызығушылық танытқанмен, өз-өзін өлтіруді тіпті де ойламаған. Дегенмен, Артеммен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр. Оның қолындағы тіліктерді мектептегі мұғалімі мен учаскелік инспектор тексеріс кезінде анықтаған көрінеді. Ал полицейлер балаларды өлімге итермелейтін қауіпті сайттарға тосқауыл қойып әлек болып жатса, білім бөліміндегілер де өздерінше әрекет етуге көшкен. Облыстық білім басқармасындағылар сабақ кезінде балалардың смартфон пайдалануына тыйым салып отыр.
Артем:
-Бұл ойын туралы достарымнан естідім. Ойлана келіп, ойнамақшы болдым. Қолыңды кесіп, әріптер мен сандарды жаз деп тапсырма берді. Мұны бірден орындап, суретке түсіріп, салып жібердім. Түк те ауырсынған жоқпын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!