Өңірлерде биыл да су тасқыны болуы мүмкін
Өйткені, қар жылдағыдан 30 пайызға артық жауған. Ең қауіптілер тізімінде - Алматы, Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Автор: Досжан Маратұлы
09.02.2017
Мұндағы таулы аймақтарда ақ ұлпа әдеттегіден 50 пайызға артық түскен. Сондықтан көктемде елді-мекендер су астында қалуы ғажап емес. Бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігі алаңдайтындай ештеңе жоқ деп бейқам отыр. Тасқынға да тас-түйін дайынбыз дейді. Тек жоспарды табиғаттың тосын мінезі бұзуы ықтимал. Ал күн күрт жылынбаса, қауіптенудің қажеті жоқ.
Ислам Әбішев, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы:
-Мәселен, екі жыл бұрын Шығыс Қазақстанда қар екі есе артық түскен. Бірақ, тасқын мүлдем болған жоқ. Өйткені, қар баяу еріді. Ал, кейбір кезде ақұлпаның көлемі аз болса да тасқын болуы мүмкін. Өйткені, күн күрт жылынып, жауын жауып кетеді. Сондықтан тасқын бола ма жоқ па болжау өте қиын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!