Парламентте депутаттар пен президент жақтастары төбелесіп қалды
Оңтүстік Африка Республикасының парламентінде оппозияциялық депутаттар мен президенттің жақтастары бір-бірімен жаға жыртысты. Жиынға келген келген мемлекет басшысы Джейкоб Зуманың сөзін бастай бергені сол еді, солшыл партия өкілдері оны балағаттап, ұрыс-керістің соңы қып-қызыл төбелеске ұласты.
Автор: Аруна Ортай
10.02.2017
Президентке қарсы сөйлеген депутаттарды тіпті арнайы күзет те тоқтата алған жоқ. Өздерін «экономика бостандығының күрескерлері» деп атаған оппозиция өкілдері Джейкоб Зумаға бұған дейін де тіс қайрап жүріпті. Олардың ойынша, президент барып тұрған жемқор. Радикалдық партияның 25-ке жуық өкілі ақыры парламентте төбелес шығарып, алған беттерінен қайтпай қойды. Ақыры оларды күзетшілер далаға сүйреп шығарған. Ал Джейкоб Зума қырғын төбелестен соң отырысты аяқтауға мәжбүр болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!