Румынияда халық үкіметтің отставкаға кетуін талап етті
Румынияда үкіметтің отаставка кетуін талап етушілердің наразылығы жалғасуда. Өйткені жалғыз министрдің отставкасына румындықтардың көңілі толмай тұр. Олар жемқорлар жөніндегі заңға өзгеріс енгізбек болған бүкіл Үкімет мүшелерінің барлығының орындарын босатуын талап етті.
Автор: Ербол Тұрымбет
10.02.2017
Ел наразылығы ұлғайған соң Румынияның Әділет министрі Флорин Иордаке өз еркімен қызметінен кеткен. Жемқорлық туралы заңға өзгеріс енгізу жөніндегі идеяның авторы да сол болатын. Оның үстіне, Үкімет мүшелері дауға айналған заң жобасын қайтарып алды. Бірақ румын халқы үшін бұл жеткіліксіз болып тұр. Алаңға жиналған мыңдаған адам ел үкіметінің түгел отставкаға кетуін талап етуде. Халқының бұл ұстанымын президент Клаус Йоханнис те қолдайтынын жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!