{metadescription}
Шымкентте полицейлер соққыға жығылды
Шымкентте полицейлер соққыға жығылды

Шымкентте полицейлер соққыға жығылды

Шымкентте полицейлерден қашқан бір топ жігіт жол апатын жасап, тіпті тәртіп сақшыларын соққыға жыққан. Ережесін бұзғандарды тоқтатам деп таяқ жеген 3 инспектор енді сотқарлардың үстінен арыз жазып жатыр.

Оқиға Шымкенттің қақ ортасында болған. Полицейлерден қаша жөнелген БМВ жоғары жылдамдықпен жолды бөліп тұрған шарбақты қиратқан күйі аударылыпты. Ал көлік ішінен түскен 5 азамат соңынан ере жеткен полицейлерді тепкінің астына алған. Көмекке өзге экипаж жетем дегенше жігіттердің үшеуі із суытып үлгерсе, екеуі ұсталды. 26 жастағы жүргізуші мас екен. Қасындағы Қырғызстан азаматы да билік өкіліне күш көрсеткені үшін жауап беретін болады. Ал қалғандарының кімдер екені анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде