{metadescription}
Жақып Асанов Қарағанды облысындағы былықты жайып салды
Жақып Асанов Қарағанды облысындағы былықты жайып салды

Жақып Асанов Қарағанды облысындағы былықты жайып салды

Қарағанды облысында мемлекеттік кіріс департаментінің 19 тергеушісі кәсіпкерлерге қатысты заңсыз іс қозғаған. Мұны өңірді тексеруге келген Бас прокуратураның арнайы тобы әшкерелепті.

Ал Жақып Асанов оларды жұмыстан қуып қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бүгін Қарағандыда арнайы топ жұмысының есебін тыңдаған Бас прокурордың көп нәрсеге көңілі толған жоқ. Айтуынша, мұндағы құзырлы органдар кәсіпкерлерді сүлікше сорудан алдына жан салмайтын бопты. Жүргізілген тексеріс мұның рас екенін дәлелдеген. Сондықтан арнайы жұмыс тобы Қарағандыда заңды белшеден басатын шенеуніктер мен тергеушілерді анықтауды жалғастыра береді. Ал кәсіпкерлерге қысым көрсетті делінген тергеушілер міндетті түрде жазасын алуы керек деді Асанов.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры: 

-Оқуды жарытып оқымаған. Жазу сызуды білмейді. Қызметке көкелерінің арқасында тұрғандар бұлар. Ойлағандары тек пайда. Заңды белшеден басқан прокурорларды да жұмыстан қуып жатқанда, мұндайларға да аяушылық болмауы керек. Кәсіпкерді аяқтан шалу – мемлекетті аяқтан шалу деген сөз.     

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде