Атырауда өзін өртеп өлмек болған экс-прокурорға үкім шықты
Атырауда «кінәлі емеспін» деп, өзін өртеген экс-прокурорға қатысты үкім шықты. Облыс прокурорының көмекшісі болған Ләйлә Смадиярованы судья, әріптестері сұрағандай 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Бірақ, амнистияға да сол жерде ілігіп, жазасы екі есеге қысқарды. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы мен шенінен айырылып, дүние-мүлкі тәркіленетін болды.
Автор: Жанар Низамутдинова
10.02.2017
Ал кәмелет жасына толмаған екі баласының тағдыры шешіліп жатыр. Туыстарының біріне қамқорлыққа беру мәселесін шешкенше, балалар тиісті орындардың қарауында болмақ. Еске сала кетейік, Ләйлә Смадиярова өткен жылдың тамызында Атыраудағы әйелдер түрмесінің қызметкерлерінен ақша бопсалады деген күдікпен ұсталып, үйқамаққа алынған. Бірақ, өзіне тағылған айыпты әлдекімдердің жауып отырған жаласы деген Смадиярова кінәсіздігін дәлелдемек болып, прокуратура ғимараты алдында өз-өзіне от қойған еді. Беті мен аяғы күйген экс-прокурор бұл оқиғадан кейін-ақ тура ауруханадан қамауға алынған болатын. Ал бүгінгі үкімімен Смадиярованың адвокаты келіскен жоқ.
Игорь Вранчев, адвокат:
-Смадияровамен жеке бас араздығы болған, оны жек көрген адамдардың жасап отырған әрекеті бұл. Сот та біздің өтініштерімізді назардан тыс қалдырды. Мысалы, куәгердің пара Бас прокуратураның қызметкерлеріне берілу керек болды дегені де айтылған күйі қалды. Біз мұны әрі қарай қазбалаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!