{metadescription}
Монополияға қарсы комитет  «СК-Фармацияға»  неліктен айыппұл салғанын түсіндірді
Монополияға қарсы комитет  «СК-Фармацияға»  неліктен айыппұл салғанын түсіндірді

Монополияға қарсы комитет «СК-Фармацияға» неліктен айыппұл салғанын түсіндірді

Дауға қалған «СК-Фармация» ақыры қыруар айыппұл арқалады. Елімізде дәрі-дәрмек тасымалына жауапты жалғыз компанияға 1 миллиард 300 миллион теңге төлеу міндеттеліп отыр.

Өйткені, алпауыт фирма монополияға қарсы заңдарды өрескел бұзған. Яғни, ресми дистрибьютор 2010-2015 жылдары шетелден келген дәрілерді  ауруханаларға жеткізу мен сақтауды тек бір ғана компанияға жүктеп келген. Сөйтіп, нарыққа өзгелерді кіргізбей, 5 жыл бойы бір серіктестіктің сойылын соғыпты. Соның кесірінен медициналық препарат тасымалдайтын фирмалар арасында бәсекелестікті шектеп, бағаның өсуіне ықпал жасаған. Осы былық Ақордаға дейін жетіп, тіпті жақында президенттің өзі "СК Фармацияның"  жұмысын қатал сынға алған болатын. Кейін оның басшысы Нұржан Әлібаев өз отставкаға жіберілді.

Рүстем Ахметов, Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:

- «СК Фармация» компаниясы келтірген шығынды есептеген жоқпыз. Өйткені, біз үшін қандай заң бұзушылықтардың болғанын анықтау маңызды болды. Негізі дәрі тасымалдау қызметі бір емес, бірнеше компания жүктелсе, қызмет құны әлдеқайда арзан болатын еді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде