{metadescription}
Елімізде айыппұл көлемі 50 пайызға дейін кемуі мүмкін
Елімізде айыппұл көлемі 50 пайызға дейін кемуі мүмкін

Елімізде айыппұл көлемі 50 пайызға дейін кемуі мүмкін

Осы жолдауында президент айыппұл көлемін азайтуды да міндеттеген болатын. Бүгін Әділет министрлігі осыған қатысты әкімшілік кодекстің қалай өзгеретінін айтып берді.

Яғни, кодекстегі 150 бапқа өзгерістер еніп, айыппұлдардың көлемі 30 пайызға тіпті кейбірі 50 пайызға дейін азаюы мүмкін. Олар негізінен жол ережесіне қатысты. Яғни, күндіз шам жағып жүру, рөлде ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тағып жүру, кір-қожалақ нөмір секілді ережелерді бұзған үшін салынатын айыппұл көлемі кемиді. Әділет министрлі құжатты маусымда Мәжілістің талқылауына жібермек. Бірақ атышулы құжаттың авторы Ішкі Істер министрлігі айыппұлды азайту бастамасына ішінара ғана келісіп отыр.

Дархан Игембаев, ҚР Әділет министрлігінің департамент директоры:

-Әкімшілік заңды бұзғандарға ең алдымен ескерту жасау мәселесін қарап жатырмыз. Яғни сондай баптарды көбейтеміз. Егер тәртіпсіздігін қайталаса сонда ғана  айыппұл саламыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде