Қазақстан экономиканы дамытудың жаңа кезеңіне көшкелі жатыр
Нұрсұлтан Назарбаев бүгін бұл ауқымды шаруаға жауапты министрлер кабинетін Ақордаға шақыртып, кімнің немен айналысатынын түсіндіріп берді.
Автор: Жәудір Оразхан
10.02.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Первый приоритет - ускоренная технологическая модернизация. Мы должны культивировать новые индустрии, применение цифровых технологий, чем мы раньше не занимались. Для производительности труда должна быть модернизация предприятий, автоматизация, роботизация, искусственный интеллект, большие данные и другие вещи.
Экономиканы жаңа технологиямен ілестіре дамыту президенттің жолдауында жазылған басты міндеттерінің бірі. Сол себепті қайта жаңғырту барлық саланы қамтуы тиіс. Яғни еліміздегі халыққа көрсетілетін қызметтің барлығы онлайн, сандық технология мен электронды жүйеге көшуі керек. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке уақытты көпке созбай, кезекті реформаға дереу кірісуге тапсырма берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!