Польшадағы елшінің тағдырын президент шешетін болды
Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметін дұрыс атқармаған. Бірақ Алтай Әбибуллаевтың нақты не бүлдіргені белгісіз. Енді лауазымды дипломаттың саясаттағы болашағын президент шешеді.
Автор: Жәудір Оразхан
10.02.2017
Алтай Әбибуллаев мемлекеттік қызмет және этика туралы заңның талаптарын бұзған деген ғана ақпарат тарады. Сөйтіп, Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия елшіні тәртіптік жазаға тартуды ұсынған. Ал, Сыртқы істер министрлігі бұл оқиға туралы айтудан бас тартса, дипломаттың өзімен байланысу мүмкін болмады. Айта кетейік, Алтай Абибуллаев былтыр мамырда Қазақстанның Польшадағы елшісі болып тағайындалған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!