{metadescription}
Жамбыл облысында жол апаты жауынгерлердің өмірін жалмай жаздады
Жамбыл облысында жол апаты жауынгерлердің өмірін жалмай жаздады

Жамбыл облысында жол апаты жауынгерлердің өмірін жалмай жаздады

Күре жолда әскерилер отырған жүк көлігі аударылып, келісім-шартпен қызмет етіп жүрген 17 әскери зардап шекті. Үшеуі тіпті жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр дейді дәрігерлер. Ал, Қорғаныс министрлігі апаттың көктайғақ кесірінен болғанын мәлімдеді.

Бүгін таңғы ондар шамасында Жуалыдағы 91678 әскери бөлімімен шыққан ауыр техника Айша-Бибі ауылына кіре берісте апатқа ұшырады.  Аударылған көліктің төбесі жапырылып, сау тамтығы қалмаған. Камаздың ішінде 28 адам болыпты. Түрлі дене жарақатын алған оның 17-сы ауруханаға түсті. 12-нің жағдайы орташа.

Жолдас Тіленшиев, әскери қызметкер:

- Иығымды сындырып алдым. Не болғанын түк түсінбедім, шынымды айтайын. Есімді жисам осындамын.

Ал бес әскеридің тіпті сөйлеуге де мұршасы жоқ. Екеуінің сүйектері бірнеше жерден сынса, үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайлары ауыр дейді.  

Руслан Юсупов, Тараз қалалық ауруханасы жарақат бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы:

-Екеуі бұғананың сынығымен отаға дайындалып жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқандардың біреуінің миы шайқалған. Біреуінде қабырға сынықтары бар. Көптік қабырға сынықтары. Тағы біреуіне қызыл өттің жыртылуымен ота жасалып жатыр.

Қалалық ауруханада қазір шенді әскерилер шұбырып жүр. Бірақ, бірде-біреуі болған жайтты баяндап беруге құлықсыз. Тек түс ауа еліміздің қорғаныс миністірлірі апатқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

-Жол апаты Тараз-Шымкент тас жолында болды. Көлік жүргізушісі көк тайғақта рөльге ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кетіп аударылған. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.  

Белгілі болғаны, ажал құша жаздаған жауынгерлер оқ атып үйрену үшін полигонга кетіп бара жатқан екен.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде