Алматыда ойыншық үшін адамды бөлшектеп тастағандар ұзақ мерзімге сотталды
Ойыншыққа бола адамды азаптап өлтіріп, денесін тіпті бөлшектеп тастағандар 15-16 жылдан бостандық көрмейтін болды. Бүгін Алматы соты Азамат Қабденов пен Тайыр Әбілдиновке осындай жаза кесті. 23-24 жастағы бұл екеуі «Плей стейшн» ойыншығын қайтаруды талап еткен таныстарын ұрып өлтірген.
Автор: Олжас Байжан
13.02.2017
Былтыр 6 қыркүйекте Алматыдағы көпқабатты үйлердің ауласындағы қоқыс жәшігінен бөлшектенген адам мәйіті табылған болатын. Көпке ұзамай күдіктілер де ұсталды. Қанды қылмысқа барған екі жігіт Байқойырда бос тасаламақ болыпты. Негізі, екеуі де қымбат компьютерлер ұрлаумен айналысқан екен. Сондай алыс-берістің кезінде марқұм Роман Ситакқа 80 мың теңге қарыз болып қалған. Әрі «Плей стейшнді» де қайтарғысы келмей, ақыры өлтіріп тынған. Ал бөлшектелген мәйітті алысқа апармай, есік алдындағы қоқыс жәшігіне лақтыра салыпты. Қаскөйлер ұзақ мерзімге қамалғанымен қоса, марқұмның туыстарына миллион 300 мың теңге шығынды өтеуге де міндеттеліп отыр. Ал Роман Ситактың артында әйелі мен ол көз жұмған соң туған баласы қалды.
Ольга Долотова, Р.Ситактың анасы:
-Алдағы уақытта оларды құдайдың жазасы күтіп тұр. Жасаған істері үшін жауап беретін болады. Ұлым керемет адам еді, ешқашан ешкімге жамандық ойлаған емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!